Автожолдардағы ақаулар үшін лауазымды тұлғалар жауапқа тартылды
Павлодар облысында автожолдардағы ақаулар үшін лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Жаңа жылдың алғашқы күндерінде Павлодар облысының әкімшілік полиция қызметкерлері 2 мың шақырымға жуық автожолды мұқият тексерістен өткізді.
Тексеру барысында 51 ақау анықталып, кемшіліктерді жоюға 35 ұйғарым берілді.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, бұл іс-шаралар өңірдегі жол-көлік оқиғаларының алдын алуға, сондай-ақ жарақаттану мен өлім-жітім деңгейін төмендетуге бағытталған.
Қаз
Рус






