Қызылорда облысындағы тар жолға 164 миллион теңге қаржы пайдаланған

785

Жаңақорған ауданындағы Аққұм ауылына кіре берісіндегі тар трассаға  бюджеттен 164 миллион теңге жұмсалған, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 




Аудандық маңызы бар жолға орташа жөндеу жұмыстары былтыр жүргізілген. Ұзындығы 10 шақырымдай болатын трассаға республикалық және облыстық бюджеттен бақандай 164 миллион теңге жұмсалыпты. Алайда көпшілік трассаның өте тар екеніне шағымданады.

Тұрғындардың шағымы әлеуметтік желіде жарияланды.


Халық жол салғанына қуанып, өркениет деген осы екен деп жатыр. Бірақ түсінбегенім, қарама-қарсы көлік келсе, жолдан шығып кетуім керек. Асфальтта бір көлік әзер жүреді, - дейді тұрғын Әлия Уәлива.


Ал жауапты мекемедегілер ауылда көлік санының аздығына байланысты осындай тар трасса салғанын айтады.


Автомобиль жолдары туралы ҚНжәнеЕ-ге (СНиП) сәйкес тәулігіне 100-ге дейінгі көлік қатынайтын жолдар 5-санатқа жатқызылады. Яғни 5-санаттағы автомобиль жолының ені 4,5 метрден аспайды. Тұрғын саны аз болғандықтан тәулігіне 50-ге жуық көлік қатынайды, - деп мәлімдеді аудандық ТҮКШ бөлімінің мамандары.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.