Ер адам жанжал кезінде танысының мойнына пышақ жарақатын салған

1 505

Фото: ©Видеодан скринАлматыда барда жанжал шығып, ер адам танысының мойнына пышақ жарақатын салған,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Алматы қаласы полиция департаментінің мәліметінше, 2026 жылғы 10-шы шілдеде кешкі уақытта ойын-сауық орындарының бірінде болған жанжал салдарынан ер адам ауыр жарақат алған. 45 жастағы азамат мойын тұсынан пышақ жарақатын алып, операцияға түскен.

 "Алдын ала тергеу нұсқасы бойынша, қылмыс таныстар арасында кенеттен туындаған жанжал салдарынан жасалған. Медеу аудандық полиция қызметкерлері күдіктіні – 32 жастағы ер адамды жедел түрде ұстады. Қылмыс құралы болуы мүмкін зат тәркіленді", – деді ведомство.