Жемқор облыстар тізімінде Қызылорда көш басында тұр

4 361

Фото: 24.kzҚызылорда облысы жемқорлықтан екінші орынды иемденуде, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Бүгінгі қоғамдағы кез келген мәселені парамен не таныс-тамырмен шешуге болады деген пікірдің қалыптасқаны баршаға мәлім. Себебі парамен ұсталғандардың өзі пара беріп жазадан құтылуға жанталасады. Пара алу мен беру – елімізде ең көп таралған сыбайлас жемқорлықтың түрі.
Ал, жемқорлық бойынша Қызылорда облысы 2022 жылдың «үздік» үштіктер қатарына еніп отыр. 
Жуырда жарияланған ақпаратқа сүйенсек жемқорлық бойынша біздің облыс ең «үздік» үштіктің екінші орыннын еншілеп отыр. Қызылорда облысы парақорлар отанына айналғаны ма?
2021 жылы  бестік қатарына енген аймақ бүгінде үштіктер қатарынан табылып отыр. Сонымен облыс бойынша жемқорлық пен парақорлықтың көп кездесетін сәттері:

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жүргізетін, сол үшін жауапты органдар осы іске қандай үлес қосқан? Құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қосқан үлесі (тіркелген қылмыстар саны) келесідей:
Сарапшылар сыбайлас жемқорлыққа итермелейтін негізгі себептердің тізімін де жасады. Оған сәйкес, өткен жылы бірінші орынға емделуге жолдама алу мәселесі шықты. Соның ішінде коронавирус және басқа да ауруларға қатысты ем-дом шаралары бар. Одан кейін жұмысқа тұру мен баланы балабақшаға орналастыру мәселесі тұр. Адамдар сол үшін пара беруге дайын. Ал делдалдар ақша сұрауға ұялмайды.


Сондай-ақ, әрбір облыс тұрғындары жемқорлыққа қатысты жағдайдың қалай өзгергенін де айтып берді. Бір жерде жемқорлықсыз шаруаны шешуге болады дегендер табылса, енді бір жерде «парасыз ешнәрсе шешілмейді» деген пікір әбден сіңіп кеткен. Ондай аймақтардың қатарына Жамбыл облысы, Алматы мен Шымкент қаласы мен Қызылорда облысы да енген.
 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.