Ескі вокзал аумағында жарылыс болды

1 640

Фото: ҚТЖАстанада вокзал аумағында жүк контейнері жарылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Жарылыс бүгін түнгі 00:30-да шамасында болды. Ол ескі вокзал аумағындағы тұрғындарға сезілген. ҚТЖ бөлімшесі кезекшісінің мәліметінше, 12-ші сұрыптау жолында платформадағы контейнерде жарылыс болды.

«Астана станциясының сұрыптау жолында жүк контейнерінде жарылыс болды. Алдын ала мәлімет бойынша контейнердегі жүк – электр жабдықтары (трансформаторлар, генераторлар) болған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ», деп хабарлады «ҚТЖ» компаниясының баспасөз қызметі. 

Контейнер жеке компанияға тиесілі болған. ТЖМ оқиға орнына құтқарушылар жеткенін, өрт болмағанын хабарлады. 

«Оқиға нәтижесінде бір адамның қолына жарықшақ тиіп, қолын аздап кесіп алды. Жедел медициналық жәрдем бригадасы көмек көрсетті, ауруханаға жатқызудың қажеті болмады», - деп хабарлады ТЖМ.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.