Қазақстанда баспана рекордтық деңгейде қымбаттап кетті

268
Қазақстанда қайталама тұрғын үй рекордтық деңгейде қымбаттап кетті. Бұған Ұлттық статистика бюросының мәліметтері дәлел, - деп хабарлайды   Opennews.kz ақпарат агенттігі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Бюро мәліметтеріне сенсек, шаршы метрдің құны бірден 5,5 пайызға өскен, бұл кейінгі сегіз жылдағы ең жоғары көрсеткіш болды. Сонымен қатар, жаңа ғимараттарда өсім шамалы - 0,4 пайыз.

Бәрінен бұрын Нұр-Сұлтандағы қайталама жылжымайтын мүлік бағасы 10 пайызға жуық өскен. Мұнда орташа шаршы метрі 590 мың теңге тұрады. Баға динамикасы бойынша Атырау мен Талдықорған да антилидер болып отыр. Алматыда пәтерлер шамамен, үш пайызға қымбаттаған.

Бірінші несие бюросының сарапшылары бұл 20 ақпандағы деректер деп хабарлайды. Украинадағы оқиғалар мен доллар бағамының өсуі деректерде әлі көрініс тапқан жоқ.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.