Ескі вокзал аумағында жарылыс болды
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Астанада вокзал аумағында жүк контейнері жарылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Жарылыс бүгін түнгі 00:30-да шамасында болды. Ол ескі вокзал аумағындағы тұрғындарға сезілген. ҚТЖ бөлімшесі кезекшісінің мәліметінше, 12-ші сұрыптау жолында платформадағы контейнерде жарылыс болды.
Контейнер жеке компанияға тиесілі болған. ТЖМ оқиға орнына құтқарушылар жеткенін, өрт болмағанын хабарлады.
Қаз
Рус






