Қаржы пирамидасын құрды деген қазақстандық Бішкекте ұсталды

1 531

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: nypost.comІздеуде жүрген қазақстандық Бішкекте жеке басты тану функциясы бар сыртқы видеобақылау камераларының арқасында анықталған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Қырғызстан милициясының мәліметі бойынша, жеке басты тану функциясы бар бейнебақылау жүйесі ер адамды қаржы пирамидасын құрғаны және басқарғаны үшін іздеуде жүрген адам ретінде анықтаған. 


"2023 жылдың желтоқсан айының соңғы күндерінде Бішкек қаласында камералар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 217-бабы ("Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету") бойынша Алматы қаласы Медеу ауданының полиция басқармасы іздеу жариялаған Қазақстан азаматы О.А.-ны тіркеді. Бұлтартпау шарасы - қамауға алу", - делінген хабарламада.

 

2021 жылдың сәуірінде Қазақстанда зардап шеккен салымшылар үш компанияның қызметіне қатысты полицияға ұжымдық арыз беріп, оларды қаржы пирамидасы деп атағаны хабарланған. Бұл компаниялар өзін жоғары кірісті инвестициялар саласындағы табысты ұйымдар ретінде көрсеткен. 


"Жоғарыда көрсетілген Алматының тумасы О.А. қаржы пирамидасын құрды және басшылық етті деген күдікке ілінген. Тиімді инвестиция ретінде жарнамаланатын "жобаның" басшыларын ұстай бастағанда, ол жасырынып үлгерген", - делінген хабарламада. 


Басылымдағы мәлімет бойынша, бұл салымшылардың бірнеше миллиард теңге көлемінде ақша қаражатын заңсыз тартуға қатысты іс. Сонымен қатар, қаржы пирамидаларының қызметіне түсетін ақша ағынын арттыру мақсатында қылмыстық схемаға танымал блогерлер тартылған. 

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.