Қазақстанда желтоқсаннан бастап тас жолдарда орташа жылдамдықты асырғаны үшін айыппұл салынады
4 желтоқсаннан бастап Қазақстанда халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында орташа жылдамдықты асырғаны үшін айыппұл төленеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев мәлімдеді.
Ол қазан айының басында Қазақстанда әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске және жол қозғалысы ережелеріне елеулі өзгерістер енгізетін заңнамалық актілерге қол қойылғанын, олардың кейбіреулері биыл 4 желтоқсанда күшіне енетінін еске салды.
Елімізде жол ережесін жиі бұзатындар енді сақтандыру үшін көбірек төлейтін болады.
Сондай-ақ Әлекешев жылдамдықты сағатына 60 шақырымнан асырғаны үшін 40 АЕК көлемінде айыппұл салынатынын айтты.
Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар жолдардың 13 ақылы учаскесінің 62 нүктесінде камералар орнатылған:
- Астана – Щучинск;
- Жібек жолы – Теміртау;
- Астана – Павлодар;
- Шымкент – Қызылорда;
- Шымкент – Өзбекстан шекарасы;
- Шымкент – Тараз;
- Тараз – Қайнар;
- Қонаев – Талдықорған;
- Павлодар – Семей – Қалбатау;
- Орал – Ресей шекарасы (Саратовқа дейін);
- Павлодар – Ресей Федерациясының шекарасы (Омбыға дейін);
- Бейнеу – Ақжігіт;
- Орал – Ресей Федерациясының шекарасы (Самараға дейін).
Айыппұл көлемі төмендегідей:
- орташа жылдамдықты сағатына 10-нан 20 шақырымға дейін асырғаны үшін – 5 АЕК (18 460 теңге);
- сағатына 20-дан 40 шақырымға дейін – 10 АЕК (36 920 теңге);
- сағатына 40 және одан да көп километрде – 20 АЕК (73 840 теңге);
- жыл ішінде жылдамдықты бірнеше рет асырған жағдайда – 30 АЕК (110 760 теңге);
- сағатына 60 және одан да көп километрде – 40 АЕК (147 680 теңге).