Банк басшысы мен кассирі бірлесіп 255 млн теңге жымқырған

253
Степногорск қаласында орналасқан банктердің бірінің филиалын жоспарлы тексеру барысында аса ірі мөлшерде ақша ұрланғаны анықталған деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, банк бөлімшесінің директоры мен кассир 255 миллион теңгені жымқырды деген күдікке ілінген.

Осы факті бойынша ҚР ҚК 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы("Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
 
Алдын ала ақпарат бойынша, бір-бірімен сөз байласқан айыпталушылар ешбір қылмыстық схемасыз және шоттарды бұрмалаусыз жоғарыда аталған соманы бір ай ішінде кассадан алып шыққан.

 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.