Блогер кәсіпкерден ақша бопсалады деген айыппен 6 жылға сотталды

1 518

Фото:  t.me/kozachkowЖетісу облысында блогер Дмитрий Перлов кәсіпкерден 10 миллион теңге талап етті деген күдікпен ұсталды. Ол кәсіпкердің құрылыс сапасына қатысты кемшіліктер туралы бейнематериалды әлеуметтік желіде жарияламау үшін ақша сұраған,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Ол 7 миллион теңгені алу кезінде құқық қорғау органдары тарапынан қолға түсті. Қазіргі таңда оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 195-бабының 3-бөлігі (бопсалау) бойынша іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.

Бұл оқиға — елімізде блогерлер тарапынан жасалған бопсалау фактілерінің бірі. Бұған дейін де бірнеше өңірде блогерлер кәсіпкерлерден түрлі көлемде ақша талап еткені үшін жауапкершілікке тартылған.

 "Маған жала жабылды. Өмірімді күйретті. Бірақ бүгін сот алдында тұрып, еш кінәм жоқ екенін ашық айтамын. Фактілерге назар аударуларыңызды сұраймын. Мені ақтауларыңызды өтінемін. Отбасымды бұзбаңыздар, балаларымнан ажыратпаңыздар", – деді ол соттағы соңғы сөзінде.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.