Әкімдік 600 мың теңгеге Sony PlayStation ойындар жиынтығын сатып алған

257
Текелі қаласы әкімінің қалалық мәдениет үйі мемлекеттік портал арқылы 600 мың теңгеге Sony PlayStation 5 ойын консолін сатып алған, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Іnformburo.kz пмайтына сілтеме жасап. 


Техникалық сипаттамаларға сүйене отырып, консоль FIFA 2022, GTA 5, UFC 4, Mortal Kombat 11 Ultimate Edition, Need for Speed Hat және Call of Duty: Cold War сияқты ойындармен алдын ала жүктелген.

Әкімдік талаптарында приставка кемінде 12 ай және 16 ГБ жедел жады кепілдігі болуы шарт екені көрсетілген. Сонымен қатар консольмен бірге геймпад болуы керек делінген.

Текелі әкімдігі хабарлағандай мұндай тендерді шынымен де қалалық мәдениет үйі жариялаған. Бұл мекемеде жаңадан ашылып жатқан балалар ойын бөлмесі үшін қажет болған екен.

Текелі қаласы әкімінің қалалық мәдениет үйі тұрғындарға мәдени-демалыс қызметін кеңейту мақсатында балалар ойын бөлмесін ашып жатыр. Ол үшін заманауи PlayStation 5 ойын консолі мен теледидар сатып алынды, – деді әкімдік.