Алакөлде құтқару кеудешесін кимей қайыққа мінген демалушылар суға кете жаздады

1 513

фото; Видеодан скринАлакөлде, Ақши ауылы маңында демалушылар мінген қайық аударылып кете жаздады. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбаға қарағанда, оқиғаға қайыққа көп адамның отыруы себеп болуы мүмкін, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

"Алакөл және ондағы қызмет көрсету. Адамдар суға батып кете жаздады. Бұған не себеп болды екен? Қайыққа шамадан тыс адам мінгізген бе?", – делінген видео сипаттамасында.

Бейнежазбадан қайықтың ішіне су кіріп, ол бірде бір жағына, біресе екінші жағына қисайғанын көруге болады. Сондай-ақ қайықтағы адамдардың, оның ішінде балалардың да құтқару кеудешесін кимегені байқауға болады.

“Қауіпсіздің шаралары сақталмаған. Ақшадан өлді ме?”, “Адамдар қорқып, көмекке шақырды, басқалары қарап, видеоға түсіріп тұрды”, “Құтқару кеудесеші қайда?”, – деп жазды желідегілер.

Бұл видео Жетісу облысы төтенше жағдай департаментінің назарына ілікті. 

“Шағын көлемді кемелерді пайдалану ережелерінің бұзылғаны тіркелді. Қазір департамент шағын көлемді кеменің иесін анықтау мақсатында рейдтік іс-шаралар жүргізуде. Кінәлілерді әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылып жатыр”, – деплінген хабарламада.

Оқиға жағалауға жақын жерде болғандықтан қайғылы жағдайдың алдын алды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.