Алакөлде құтқару кеудешесін кимей қайыққа мінген демалушылар суға кете жаздады
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Алакөлде, Ақши ауылы маңында демалушылар мінген қайық аударылып кете жаздады. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбаға қарағанда, оқиғаға қайыққа көп адамның отыруы себеп болуы мүмкін, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
"Алакөл және ондағы қызмет көрсету. Адамдар суға батып кете жаздады. Бұған не себеп болды екен? Қайыққа шамадан тыс адам мінгізген бе?", – делінген видео сипаттамасында.
Бейнежазбадан қайықтың ішіне су кіріп, ол бірде бір жағына, біресе екінші жағына қисайғанын көруге болады. Сондай-ақ қайықтағы адамдардың, оның ішінде балалардың да құтқару кеудешесін кимегені байқауға болады.
“Қауіпсіздің шаралары сақталмаған. Ақшадан өлді ме?”, “Адамдар қорқып, көмекке шақырды, басқалары қарап, видеоға түсіріп тұрды”, “Құтқару кеудесеші қайда?”, – деп жазды желідегілер.
Бұл видео Жетісу облысы төтенше жағдай департаментінің назарына ілікті.
“Шағын көлемді кемелерді пайдалану ережелерінің бұзылғаны тіркелді. Қазір департамент шағын көлемді кеменің иесін анықтау мақсатында рейдтік іс-шаралар жүргізуде. Кінәлілерді әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылып жатыр”, – деплінген хабарламада.
Оқиға жағалауға жақын жерде болғандықтан қайғылы жағдайдың алдын алды.
Қаз
Рус






