Блогер кәсіпкерден ақша бопсалады деген айыппен 6 жылға сотталды
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Жетісу облысында блогер Дмитрий Перлов кәсіпкерден 10 миллион теңге талап етті деген күдікпен ұсталды. Ол кәсіпкердің құрылыс сапасына қатысты кемшіліктер туралы бейнематериалды әлеуметтік желіде жарияламау үшін ақша сұраған,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Ол 7 миллион теңгені алу кезінде құқық қорғау органдары тарапынан қолға түсті. Қазіргі таңда оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 195-бабының 3-бөлігі (бопсалау) бойынша іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.
Бұл оқиға — елімізде блогерлер тарапынан жасалған бопсалау фактілерінің бірі. Бұған дейін де бірнеше өңірде блогерлер кәсіпкерлерден түрлі көлемде ақша талап еткені үшін жауапкершілікке тартылған.
Қаз
Рус






