Министр өлім жазасына кесілді

1 520

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: СиньхуаҚытайдың бұрынғы спорт министрі Гоу Чжунвэнь пара алу және қызметтік өкілетін теріс мақсатта қолданғаны үшін шартты өлім жазасына кесілді,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Сот мәліметінше, ол 2009–2024 жылдары лауазымдық мүмкіндіктерін коммерциялық жобаларды мақұлдату үшін пайдаланып, 236 млн юань көлемінде заңсыз табыс алған. Сонымен қатар, Бейжің әкімінің орынбасары болған кезінде бір жобаны сатып алу барысында қызметтік өкілетін құқыққа қайшы қолданғаны дәлелденіп, бұл мемлекетке айтарлықтай шығын келтірген.

Екі айып біріктіріліп, сот Гоуды шартты түрде өлім жазасына кесті. Оның барлық мүлкі мен заңсыз табысы мемлекетке тәркіленеді, ал өзі өмір бойы саяси құқықтарынан айырылды.

Заң бойынша, сынақ мерзімі кезінде жаңа қылмыс жасалмаса, жаза өмір бойғы бас бостандығынан айыруға ауыстырылады. Алайда сот оның ісі ерекше ауыр деп танып, жазаны жеңілдетуге немесе мерзімінен бұрын босатуға тыйым салды.



OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.