Қызылордада көктайғақ салдарынан 30 жол-көлік оқиғасы болды

293

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Қызылордада ауа райының келеңсіздігінен 30 жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


30 қарашада Қызылорда қаласында ауа райының қолайсыздығына байланысты көктайғақ салдарынан қала аумағында 30 жол-көлік оқиғасы болды.

Жол апатынан жарақат алған 3 қала тұрғыны ауруханаға көрініп, үйлеріне қайтарылды.

Автокөлік жүргізушілеріне Қазақстан Республикасының Әкімшлік құқық бұзушылық кодексінің 610-бабымен (Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы) әкімшілік хаттамалар толтырылды.



Жол бойында арнайы 14 автокөлік жұмылдырылып, құм-тұз себу жұмыстары жүргізілді. Қала тұрғындарынан жолда абай болуын және жүргізушілерден көлік жылдамдығын үдетпеуін сұраймыз. Жылдамдық режимін сақтау, сондай-ақ автомобильдер арасындағы қауіпсіз арақашықтықты, яғни дистанция сақтау және қысқы дөңгелектермен жабдықталу маңызды, бұл жолдағы күтпеген апаттың алдын алуға бірден-бір себепші болады, – деді Қызылорда қаласы Полиция басқармасының бастығы Әбдібек Жаназаров.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.