Студенттер әскери борышын өтеуді кейінге қалдыра алады

2 235
Бұдан былай колледж студенттері әскери борышын өтеу мерзімін кейінге жылжыта алады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Бүгінгі таңда Қазақстан колледждерінде әскерге шақыру жасындағы 118 мыңға жуық студент білім алуда.


Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және автоматтандыру департаментінің мәлімдеуінше, ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін интеграциялау нәтижесінде 2023 жылғы наурыз айынан бастап колледж студенттеріне проактивті форматта SMS жолдана бастайды.

Күндізгі оқу нысанындағы колледж студенттеріне әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру оқу аяқталғанға дейін беріледі. Ол Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық жалпы білім беру деректер базасынан расталады және соның негізінде SMS арқылы кейінге қалдыру немесе әскерден босату рұқсаты беріледі, - мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және автоматтандыру департаментінің директоры Азат Тиштыбаев.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.