Тойда ұлттық киіммен ішімдік құйғандар жұрт наразылығын тудырды
356
Тойда ұлттық қазақша көйлекпен арақ құйып тұрғандар халықтың ашуын келтірді- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Той үстіндегі тарту. Қазақы дәстүрді аяққа таптаған тағы бір әдет қалыптасты. Бұл көрініс көптің ашуын келтіріп, ызасына тиді.“Қымыз немесе шұбат құйып жүрсе түсінер едім. Ұлттық киімді бүйтіп қорлауға болмайды. Ұят! Ұят! Ұят!”, – деп жазды продюсер Серік Абас-шах.
Видеода той үстінде ұлттық киім киген қыздың сусын, шарап, өзге дәмдерді ұсынып тұрғанын байқауға болады. Той қонақтары оның жанына келіп, өзі қалаған дәмнен ауыз тиеді.
Желі қолданушылары мұны ұлттық киімді қорлау деп намыстанды. Той қонақтарының намыссыздығын айтып талқыға салды. Енді бірі ақша жасаудың жеңіл әрі арсыз жолы деп ызаланды.