Қызылорда облысында 4 жасар баланың ішінен бір жарым келі шаш шықты

421

Қызылорда облыстық көпбейінді балалар ауруханасына түскен төрт жасар ұлдың асқазанынан бір жарым келі шаш шықты, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан порталына сілтеме жасап. 



Хирург Әлімжан Төлегеновтың айтуынша, соңғы кезде баланың тәбеті болмай қалды. Іші ауырып, құса берген. Содан ата-анасы ауруханаға алып келген. Диагностика кезінде ісікке ұқсас зат анықталды.

"Асқазанның алып трихобезоары" деген диагноз қойылды. Содан шұғыл операция жасауға шешім шығарылды. Ота сәтті өтті", - дейді Төлегенов.

Ұл баланың асқазанынан бір жарым келіге тартатын шаш шықты. Кесектің ұзындығы – 40 сантиметр.

Қазіргі кезде баланың жағдайы жақсы, ол хирургиялық бөлімге ауыстырылды. Ол тағы он күндей емделеді.

Айта кетсек, трихобезоар – бұл асқазандағы жиналған шаштар, көп жағдайда, тас болып қатып қалады. Кей кезде балалар шашты шайнап, жұта береді. Соның бәрі асқазанда жиналады.

Бірнеше жылдан кейін бала тамақ іше алмай қалады. Содан тәбеті бұзылып, құса бастайды.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.