Шетелдік көліктерді заңдастыру
355
Шетелдік көліктерді заңдастыруда Әкімшілік полиция басқармасының басшылары ең басты сұрақтарға жауап берді, - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.
Қызылорда облысының Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Пазылов Нұрмахан Сансызбайұлы елдегі шетелдік көліктерді заңдастыру жөнінде мәлімет берді.
Автокөлікті 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелген азаматтар заңдастыра алады:
• 2023 жылғы 1 шілдеге дейін ресімдей алады Себебі бұл автомобильдер қазір Қазақстанда заңдастыруға және тіркеуге жататын мәртебеде.
• Электронды үкімет порталы арқылы не болмаса Арнайы мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығына барып өтініш берілуі тиіс;
• Өтініш 2 жұмыс күні ішінде қаралып, арнайы хабарлама келеді;
• Көліті тексеруге алып келесіз;
• Көліктің маркасы мен салмағына қарамастан 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін келген көліктердің барлығына бірдей:
Бір реттік төлем алғашқы тіркеу - 200 000 теңге ,
Мемлекетті тех паспорт пен мемлекеттік нөмір үшін – 13 171 теңге.
2022 жылдың 1 қыркүйегінен кейін әкелінген автомобильдерді сақтандыру полистері арқылы қолдану сол полисте көрсетілген мерзімге дейін жарамды. Ал мерзімі өткеннен кейін жалпы негізде тіркеуі қажет немесе оларды республикадан тыс елдерге шығару керектігі де аталып өтті.
Сонымен қатар, бөлшек түрінде әкелінген көліктер заңдастырылмайды, яғни Қазақстанға қосалқы бөлшектер түрінде әкелінген, кедендік тазартудан өтпеген. Бұндай автомобильдер заңдастырылмайды.

"Заңдастыру үшін автокөлікті есептен шығару қажет. Біз оны есептен шығарғаннан кейін ғана Қазақстанда тіркеуге қоя аламыз. Бұл — кәдімгі рәсім. Бұл автокөліктердің тіркеуде тұрғаны не болмаса сол тіркеуден шыққаны туралы ақпаратты білу үшін Қазақстан азаматтарына осы көлік тіркеуде тұрған елге барудың қажеті жоқ. Егер көлік есептен шығарылса, Осы автокөліктерді тіркеуден шығу фактілерін бүгінгі күнде қашықтықтан тексеруге техникалық мүмкіндігіміз бар. Кейбір жағдайларда автокөліктерді тіркеуден шығару үшін арнайы сұраулар жіберуге де болады. Айта кету керек, автокөліктердің басқа елдегі тіркеуден шығуы өте маңызды. Өйткені басқа елде тұрған сол автокөліктерде әртүрлі шектеулер болуы мүмкін. Егер біз оны шетелдік тіркеуден шығармай, Қазақстанда тіркеуге қоятын болсақ, құқықтық мәселелер туындауы ықтимал", — деді Нұрмахан Пазылов.