Еліміздің жастарына патриоттық тәрбие берудің маңыздылығы

426
Бүгінгі таңда қоғам мен мемлекеттің білім беру жүйесінің алдына қойып отырған міндеттерінің бірі - жеткіншектерді Қазақстандық елжандылық пен Қазақстанда тұратын халықтардың ұлтаралық ынтымақтастығы рухында тәрбиелеу болып табылады,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Бұл мәселенің көкейкестілігі қазіргі әлемді жаһандандыру жағдайында бұрынғысынанда артып отыр.

Патриоттық даярлаудағы жауапкершілікті неғұрлым терең сезініп, бар мүмкіндікті пайдаланып, шыныққан да, шымыр отансүйгіш азаматтар даярлау ісінде АӘДпән мұғалімдеріне үлкен талап қойылады, сондықтан оларға өз ісінің жетік маманы болу жеткіліксіз, сонымен қатар білімді, тың ақпараттардан хабары мол болуы шарт.

Алғашқы әскери дайындық жастарды патриотизм мен интернационализм, демократиялық қоғам және оған шексіз берілгендік, Отанға және Қарулы Күштерге деген сүйіспеншілік, әскери борышты мүлтіксіз орындауға әзірлік рухында тәрбиелеуге бағытталған.

«Біздің басты мақсатымыз - Қазақстанның егемендігі мен территориялық тұтастығын сақтау» деген Президент өз жолдауында.

Қарулы Күшіміздің алдыңғы сапында қазақ жастарының тұруы, олардың бір кісідей ынтымақпен топтасуы, Ата заңымызда көрсетілген қасиетті борышын, перзенттік парызын орындауы - Отанға, Атамекенге деген сүйіспеншіліктің, негізгі мазмүны, имандылық пен адамгершіліктің негізгі белгісі мен басты өлшемі.

Ал, мектепте жастарға әскери патриоттық тәрбиені жеткізу үшін және әскери қызметті түсіндіру мақсатында алғашқы әскери дайындық оқытушы- ұйымдастырушысы тағайындалған. Қарулы Күштердің қатарында әскери қызметшілердің қүрамын білімді және спортпен шыңдалған, жүрегінде от жалындаған азаматтармен толтыру үшін мектеп жастарына әскери жетекшінің әскери патриоттық тәрбиені түсіндіруінің (әскери тақырыпта әңгімелер қозғау, әскери кездесулер өткізу және т.б.) және әскери патриоттық тәрбиеге қатысты іс- шаралар ұйымдастыруының (әскери спорт жарыстары, әскери ойындар және т.б.) пайдасы көп.

Алғашқы әскери дайындық - Қазақстан Республикасының азаматтарын жастарын, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлерімен әскери құрамаларында әскери қызмет етуге даярлау жүйесінің қүрамдас бөлігі, иелігі мен меншік нысандарына қарамастан жалпы білім беретін және кәсіптік-техникалық мектептерде, арнаулы орта оқу орындарында міндетті мемлекеттік пән болып табылады.

Алғашқы әскери дайындық пәнін оқу барысында оқушылар азаматтардың, Қазақстан Республикасын қорғау жөніндегі Конституциялық құқықтарын ұғынуға, ҚР Қарулы Күштерінің сипаты мен мақсатын, әскери іс пен азаматтық қорғаныстың негіздерін анықтап түсінуге тиіс, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі мерзімді әскери қызметке шақырылған кезде мерзімді әскери қызметті өткерудің жағдайларына қысқа мерзімде бейімделіп, өздеріне сеніп тапсырылған қару-жарақ пен жауынгерлік техниканы меңгеру үшін жас сарбазды дайындау көлемінде қажетті білім, практикалық машықтанушылық, мінез-құлық орнықтылығын қалыптастыруы тиіс.

Әскери патриоттық тәрбие - жас өренді Отанды қорғауға ұдайы әзір болуға моральдық және дене бітімі жағынан даярлау болып табылады. Әрбір жасөспірім жасынан «Қазақстан - менің Отаным», «Ол мен үшін жауапты болғаны сияқты, мен де ол үшін жауаптымын», - деген қарапайым ойды меңгеруі керек.

Алғашқы әскери дайындық пәні - Қазақстан Республикасыныың азаматтарын Қарулы Күштерде, басқа да эскер жэне эскери құрамаларда қызмет етуге дайындайтын мемлекеттік жүйенің негізгі құрамы болып табылады. Алғашқы эскери дайындық пэнімен эскери-патриоттық тэрбие тығыз ұштастырыла отырып, жастардың эскери істі жақсы меңгеруіне, төтенше жағдайларда қорғанудың тэсілдері мен құралдарын дүрыс пайдалана білуіне ьқпал етеді.

Патриоттық сезімді жастарға мэнді жэне мағыналы сусындату үшін алғашқы эскери дайындық пэні жетекшісінің білім, тэжірибесі мол жэне жоғары болуы тиіс. Ізденіс үстіндегі эскери жетекші қай кезде де болсын жастарға үйретуден жалықпайды. Жеткіншек Отан алдындағы борышын өтеуге барғанда осы мектеп қабырғасында, дэлірек айтсақ алғашкы эскери дайындық сабағында алған теория жэне практикасы толық жэне мэнді болса эскери істің қиындығына төзуге, тез үйреніп кетуге көп көмегін тигізеді.

Жастарды эскери патриоттыққа тэрбиелеу - орта білім беру оқу орындарынан, яғни мектептерден басталады. Мектеп - мүғалімнің басшылығымен жас ұрпаққа білім беру, тэжірибе мэселелері жүзеге асырылатын оқу-тэрбие мекемесі, халық ағарту жүйесінің негізгі буыны. Мектептерде жастарды жасына және сыныбына сәйкес үшке бөледі: бастауыш сынып оқушылары, орта сынып оқушылары және жоғарғы сынып оқушылары.

Армия жасөспірімдердің азаматтық қалыптасуын аяқтайды десе де болады, жас, әрі орнықпаған мінезін шыңдайды, ұйымшылдыққа, тәртіпке үйретеді.

Әскери патриоттық тәрбие - жас өренді Отанды қорғауға ұдайы әзір болуға моральдық және дене бітімі жағынан даярлау болып табылады.

Жастардың әскери-патриоттық тәрбие теориясын және практикасын меңгерулері, Отанды қорғау және Республика Қарулы күштерінде адал борыштарын өтеу, оның халқы алдындағы азаматтық жауапкершілігін кәміл ұғынулары - оқу орындарының педагогикалық ұжымының аса маңызды бір міндеті болып табылады.

Қазақстан Республикасы Үкіметі жасөспірімдердің отансүйгіштік, елінің патриоты мен азаматы болып қалыптасуына көңіл бөліп отыр. Патриоттық тәрбие беру - оқушының саналы көзқарасын қалыптастыру. Алғашқы әскери дайындық енгізілуі, оған байланысты әскери патриоттық тәрбиенің тереңдеуі, Отанымыздың саналы және белсенді күрескерлерін тәрбиелеуге, оларды еліміздің игілігіне жанқиярлықпен еңбек етуге, республикамыздың мүддесін қорғауға, талантты әскери кадрлар даярлауға жаңа мүмкіндіктер туғызады. Жастарды Отанды қорғауға даярлау, жас азаматтардың патриоттық тәрбиесіне танымдарымен мінездерін қалыптастыру ауыр және сан қырлы үрдіс. «Отанды сүю отбасынан басталады», отансүйгіштік қасиетті қалыптастыруда отбасы тәрбиесінің маңызы зор. Патриот, ержүрек адамды, табанды күрескерлерді тәрбиелеудің негізі оқу орындарында қаланады.

Әскери-патриоттық тәрбие жасөспірімдерді еліне деген сүйіспеншілікке, ұлттық армия сапында адал қызмет атқаруға, азаматтық, адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіруге баулиды. Бала әрдайым өмірге қызыға қарайды, бәрін үйренгісі келеді, еліне керекті азамат болып өскісі келеді.
Пәннің міндеті келешекте Отанын, жерін, елін қорғай алатын, ұлттық намысы мол, жігерлі ұл-қыз тәрбиелеу, әскер қатарына сауатты, моральдық жағынан дайын азамат даярлау. Сабақ барысында ұжымдық қорғаныс жүмыстарына, сабақтан тыс уақытта жаттығу жүмыстарын өткізуге аса көңіл бөлінеді. Ұжымдық қорғаныс жұмыстары алғашқы әскери дайындықты оқытудың негізгі бір бөлімі. Оқушылар теориялық сабақта алған білімдерін ұжымдық қорғаныс жұмыстары кезінде іске асырып, өздерінің білімдерін, біліктілік дағдыларын арттырады.

Патриоттар даярлаудағы жауапкершілікті неғұрлым терең сезініп, бар мүмкіндікті пайдаланып, шыныққан да, шымыр отансүйгіш азаматтар даярлау ісінде алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімдеріне үлкен талап қойылады, сондықтан оларға өз ісінің жетік маманы болу жеткілісіз, сонымен қатар білімді, тың ақпараттардан хабары мол болуы шарт.

Қазақ халқының тәрбие жүйесінде жас ұрпақты, қоғам мүшелерінің Отанға, халқына, елге, жерге деген сүйіпеншілікке тәрбиелеп, мүны олардың бойына сіңіріп қалыптастыру жетекші орын алады. Өйткені Отан, халық, ел, жер деген ұғым өте ауқымды.

Жастарға патриоттық тәрбие берудің манызды бөлігі Отанды қорғаудағы даярлық болып табылады. Жас ұрпақтын әскери-патриоттық тәрбиесіне де Қазақстанның Қарулы Күштері аса назар аударады. Олар білім мекемелерімен бірлесе отырып, Отанды қорғаушы жас жеткіншектердің әскери тәрбиесінің бағдарламасы мен тұжырымдамалары жасайды. Әйткенмен, соңғы уақытта жергілікті халықтың Қарулы Күштерге деген көз қарастары жағымды деп айта алмаймыз. Erep бүрын, 70-80 жылдарда әскери қызметті өтеу бозбалалар өмірінің қажетті кезеңінің бірі болып табылса, ал қазір әскерге шақырылушылар әскери қызметті өтеуден бас тартады, ата-аналары оларды жібермеуге тырысады. Мұның себептерін ішкі саясаттың тұрақсыздығынан, жауынгерлер арасында үлкендердін кішілерге күш көрсету фактілерінің орын алуынан іздеген жөн.

Қоғамымызды түбегейлі қайта құру, елде әлеуметтік - экономикалық токыраудан шығарудың ірі ауқымды, күрделі міндеттерін шеше отырып, Қазақстан Республикасының басшылығы жаңа уақыт адамын, оның идеялық- адамгершілік келбетін қалыптастыруға ерекше мән береді. Осы тұрғыдан Қазақстан мемлекетінің идеологиясы мен жаңа саясат парадигмасы мектептер мен жоғары оқу орындарында білім беру үрдістерін қайта қарауда инновациялық жолды іздестірудегі туындайтын қайшылықтарды жеңу жолдарын табуды, білім мазмұнын құруға концептуальды тұрғыдан қарау жеткіншек ұрпақты тәрбиелеудегі тәрбиенің рөлін көтеруді талап ететіні күмәнсіз.

Қазақстанда жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеудін арнайы формалары мен әдістері қалыптасуда. Олар жеткіншек бойында жоғары деңгейдегі азаматтық сезім мен Отанын қорғауға дайындық үрдісін мақсатты түрде жүйелі қалыптастырады, дара тұлғаға Қазақстан халқының және оның Қарулы Күштерінін дәстүрін бойына сіңірген тәрбие береді.

Жалпы әскери-патриоттық тәрбие беруде өзара байланысты екі мәселе қарастырылуы тиіс:

бірінші, тұлғаның арнайы құралдар көмегімен үйлесімді дамуын қамтамасыз ету;
екінші, Қазақстан Қарулы Күштерінін әскери дәстүріндегі Отанды қорғау сияқты әлеуметтік тәжірибеге сүйену, жеткіншектерді ерлік, патриоттық негізінде тәрбиелеу.
Жастар әлемдегі әскери-саяси жағдайларды түсініп, өзінің бүған қатысты көзқарастарын дәлелдеуді үйрену керек. Болашақ Отан қорғаушы тұлғасын қалыптастыруда олардын білімі мен өмір тәжірибелеріне сүйене отырып тарихи шындық негізінде тәрбиеленген жөн.

Әскери - патриоттық тәрбиенің ерекшелігі болып оның шешімін табуға арнайы даярланған адамдардың педагогтардың ғана емес, қоғамның толық қамтылуы саналады. Осыған орай әскери-патриоттық тәрбие бойынша жұмыстарды міндетті білім мекемелері қызметкерлерінен басқа, отбасы, мемлекеттік және қоғамдық органдар мен ұйымдар, бүқаралық ақпарат құралдары, телеарналар, радио мен баспасөздер үлкен рөлге ие болады. Ал бұл жастарды оқудан тыс уақытта ықпал ететін отбасының, әр түрлі мекемелер мен ұйымдардың, телеарналар, радио мен баспасөздердің тәрбиелік мүмкіндіктерін оқытушының пайдаланылуы тиіс дегенді білдіреді.

Қазіргі егемендік жағдайында мемлекетімізде еркін саяси жүйені дамыту, еліміз өмірінің барлық саласын демократияландыру, мемлекет пен қоғам арасындағы сенімділік шаралары мен өзара диалогты нығайту, біздің ортақ үйімізде бейбітшілік пен ынтымақтастықты орнату әрбір қазақ азаматынан ұлттық патриоттық сезімін дамытуды талап етеді. Саяси-әлеуметтік өмірдегі көңілге қонбайтын жағымсыз жағдайлардың өзі де жастарды адамгершілікке, жоғары идеялық сенімге, экстремизм ге қарсы күресуге, қоғамның рухани және адами кұндылықтарын бағдарлай білу іскерлігін қалыптастыруға шақырады.

Патриоттық тәрбие тәрбиенің барлық бағыттарымен бірге жүзеге асырылады. Патриоттық тәрбиенің соңғы нәтижесі ретінде патриоттық сана өз Отанын өркендету жолындағы күресте, оны нығайту мен қорғау жолындағы іс- әрекетте көрініп, бағаланады, сөйтіп сол арқылы тиісті ерлік жауынгерлік және ұлттық дәстүрлерді түзе отырып, кейіннен тәрбиелеуші факторға айналады.

Сөз соңында, Елімізде өскелең үрпақтардың Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту және одан әрі арттыру мақсатында мынандай ұсыныстар айта кету абзал. Қазіргі кезде жас жауынгерлердің әскери қызметі туралы видео фильмдер шығарылуы тиіс, телеарнада арнайы әскери жаңалықтар қызметі жүмыс жасау қажет. Мемлекеттік тілде әскери кітаптар шығарылуы керек. Ең маңыздысы Қазақстанның барлық облысында телеарнада апта сайын немесе ай сайын көрсетілетін «Алғашқы әскери дайындық - әскери патриоттық тәрбиелеудің маңызды түрі» атты телебағдарлама ашылуы тиіс. Ол телебағдарламада әр каладағы, әр аудандағы әскери дайындық сабақтарын, өткізіліп жатқан тәрбиелі іс-шараларды, ұйымдастырылған кездесулерді және үлгілі мұғалімдерді, үлгілі әскери адамдарды үлгілі сарбаздарды осы телебағдарламада - көрсету керек. Сонымен қатар, қайтадан еліміздегі әскери-патриоттық бағыттағы клубтардың жүмыстарын жаңғырту. Яғни, қандай да әскери сала болмасын Құрлық әскері, Әуе қорғанысы, Ішкі әскері, Шекара қызметі тағы да басқа әскери ұйымдармен өз көлемінде тығыз бірлесе әрекеттесу мәселесін алға қою.