Бишімбаев алимент төлеуден бас тарта алады ма?

1 504

Фото:  Tengrinews.kz / Турар КазангаповҰлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қахарман Бишімбаевтың отбасы балаларға алимент төлеуден толығымен бас тартқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Заңгер Данияр Байғабатов Бишімбаев алимент төлеуден бас тарта алатынын жеткізді. Алайда мұның заңды түрде ешқандай мәні жоқ.


"Бас тарту - оның құқығы. Бірақ заң бойынша алимент төлеу міндеті бәрібір де сақталады. Егер Қуандық Бишімбаев алиментті өз еркімен төлемесе, сот орындаушылары мәжбүрлеп өндіріп алады. Ол жұмысқа тұрмаса, клиенттер (бұл жағдайда бұрынғы жұбайы Назым Қахарман) жалақыдан ғана емес, оған тиесілі мүліктен де алимент өндіріп ала алады", - деп түсіндірді маман.

Заңгер ата-ана құқығынан бас тарту ата-ана ретіндегі міндетін орындаудан бас тарту дегенді білдірмейтінін айтты.

Еске салайық, бұған дейін Қуандық Бишімбаевтың отбасы балаларға алимент төлеуден бас тартқаны хабарланды.

Назым Қахарман Қуандық Бишімбаевпен 14 жыл ресми некеде болды. Ерлі-зайыпты 2020 жылы ажырасқан еді. Олардың үш баласы бар.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.