30 мыңнан 306 мың теңгеге дейін. ІІМ заңсыз қару тапсырғандарға өтемақы береді

299
Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті Қару айналымын бақылау бөлімінің бастығы Асылбек Ыдырысов министрліктің дәстүрлі брифингінде айтты,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Өтемақы мәселелеріне келетін болсақ, қаруды өтемді тапсырғаны үшін төлемдер мөлшері олардың түріне, техникалық күй-жайына байланысты әр бірлігі үшін (10 АЕК-тен 100 АЕК-ке дейін) 30 мыңнан 306 мыңға дейін әр түрлі болады.Сыйақы көлемін әр облысытық, қалалық және аудандық полиция органдарында құрылатын комиссиялар белгілейді, - деді Ыдырысов

Ол атағандай, жүз айлық есептік көрсеткішке дейін немесе 

306 мың теңгені - автоматты ойық қаруды тапсырған азамат ала алады.
 
Мұндай соманың жартысы ойық ұңғылы мылтықтар мен карбиндер үшін төленуі мүмкін.Тапаншалар мен револьверлер үшін - 122 мың теңгеге дейінгі мөлшерде төлеу болжанады.Тегіс ұңғылы мылтықтардың әрбір бірлігі барынша 91 мың теңгеге бағалануы мүмкін.Төлемдер мөлшерін айқындау кезінде Комиссиялар қарудың техникалық жай-күйін ескереді және тиісті санат беріледі, олар барлығы - 3 санатқа бөлінеді, - деді ол

Ол атағандай, 1-санатқа жатқызылған қару үшін төлем ұсынылатын құнының 100%-ы, 2-санатқа 70%-ы,  3-санатқа 30%-ы есебінен жүргізіледі.

1-санаттағы қаруға – пайдалануда болмаған және техникалық ақаулықтары жоқ қару не бұрын пайдалануда болған, бірақ көрінетін немесе жасырын ақаулықтары жоқ, тауарлық түрін жоймаған қару жатады.

2-санаттағы қаруға – одан әрі пайдалануға кедергі болмайтын, жекелеген техникалық ақаулықтары немесе тауарлық түрінің ақаулары бар қару жатады.

Жөндеу арқылы жойылатын немесе орны толатын, зақымдаудан немесе жоғалудан болған жекелеген ақаулықтары бар қару да 2-ші санатқа жатады, - деді ол.

3-санаттағы қаруға – техникалық ақаулықтары болуы салдарынан одан әрі пайдалануға жарамсыз немесе пайдалану қауіпті, оларды жөндеу, қалпына келтіру немесе ауыстыру техникалық немесе экономикалық себептер бойынша орынсыз болатын қару жатады.

Сыйақы төлеу мерзімі – 1 ай.