Cпорт мектебі 178 млн теңгеге велосипед сатып алмақ болған

1 526

Жоғарыда аталған әрекеттер Бюджет кодексінің 4-бабының 9-тармақшасына қайшы келеді және Жарғымен бекітілген мектеп қызметінің түрлеріне сәйкес келмейді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Астанада бюджет және мемлекеттік сатып алу заң нормаларының сақталуына талдау жүргізілді.


Қалалық прокуратура мәліметінше, елордадағы спорт мектептерінің бірі мемлекеттік сатып алу порталы арқылы басқа заңды тұлғаның балансында тұрған «Astana Bike» жүйесіне арналған велосипедтерді сатып алу бойынша конкурсты жөнсіз жариялағаны анықталды.


Жоғарыда аталған әрекеттер Бюджет кодексінің 4-бабының 9-тармақшасына қайшы келеді және Жарғымен бекітілген мектеп қызметінің түрлеріне сәйкес келмейді. Прокуратураның қадағалау актісімен 178 миллион теңгеге заңсыз сатып алулар жойылып, кінәлі лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды, – делінген хабарламада.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.