Жәрдемақыны көп берсек, адамдар жұмыс істемей үйде отырып алады - министрлік

453

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі атаулы әлеуметтік көмек алу үшін адамдар түрлі әрекетке барғанын мәлімдеді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.

Министрліктің Әлеуметтік көмек департаментінің директоры Асқар Ниязовтың айтуынша, жәрдемақы мөлшері көбейген сайын халық арасында масылдық жайлай береді.

Елімізде жәрдемақы мөлшерін көтеретін болсақ, онда адамдар жұмыс істемей үйде отырып алады. 2019 жылы жәрдемақы мөлшері артқанда не болғанын көрдік қой. Адамдар АӘК алу үшін табысын жасырып, жұмыстан шығып, өтірік ажырасып жатты,— дейді Асқар Ниязов.

Сондықтан АӘК-ті екі түрге бөлген: шартты және шартсыз.

Шартты дегеніміз — мемлекет адамды жұмысқа орналастыру үшін барлық жағдай жасайды. Егер адам одан бас тартып, кедейліктен өз бетінше шығуға мүдделі болмай, үйде отырып, жәрдемақы алғысы келсе, онда мұндай отбасыға АӘК берілмейді,— дейді министрлік өкілі.