"Елбасының құзыреттері қалмады": Азат Перуашев енді Тоқаевты қолдайтынын айтты
437
"Ақжол" партиясының төрағасы, мәжіліс депутаты Азат Перуашев президент Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдайтынын айтты.
Перуашев Елбасы Назарбаевқа қатысты ойын журналист Абай Сейфоллаға берген сұхбатында баяндады.Перуашевтің айтуынша, үкіметке жаңадан тағайындалған министрлер -Тоқаевпен кезінде бірге істеген, өзі жақсы танитын адамдар.
"Ендігі үкіметті Тоқаевтың үкіметі деп айтуға болады", - дейді Перуашев.
Мәжіліс депутаты бүлік кезінде көпшіліктің Елбасыны күткенін атап өтті.
"Бәріміз Елбасы халық алдына шығып үндеу жасай ма деп күттік. Ондай болған жоқ. Әрі қарай не боларын көрейік.
Ол кісі барша міндеттерін тапсырды. Тіпті, қауіпсіздік кеңесінің төрағалығын тапсырды. Әрі қарай ол қатардағы зейнеткер.
Мемлекеттің ішінде оның құзыреттері қалмады. Әрі қарай тек осы президентпен (авт.Тоқаев) жұмыс істеуіміз керек", - деді ол.
"Сіз Назарбаевты өте қатты құрметтейсіз, солай емес пе?" деген журналист сауалына Перуашев:
"Мемлекет басшысы, бірінші президент ретінде оның орны, атқарған жұмыстары бар", - деп жауап берді.
Депутат ендігі уақытта Тоқаевты қолдайтынын атап өтті.
"Біз оны қолдауымыз керек. Себебі төңкеріс әрекетіне қарсы тұрған тек Тоқаевтың өзі", - деді ол.
Сұхбат соңында Перуашев Назарбаевтың қайда екенін, неге үнсіз қалғанын білгісі келетінін айтты.
Тағы да оқыңыздар
Сазан, қазан және қалам
1 504