Атырауда электр станциясы өртке оранды

151
Атырауда электр станциясы өртке оранды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Оқиға 14 қарашаға қараған түні Атыраудағы Бірлік ықшамауданындағы №18 электр қосалқы станциясында орын алды.

"Қазіргі уақытта Геолог, Жұлдыз, Бірлік, Томарлы, Привокзальный ықшамаудандары электр қуатынсыз қалып отыр. Жағдай Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновтің жеке бақылауында. Өңір басшысының тапсырмасы бойынша "Атырау Жарық" АҚ және қалалық әкімдіктің авариялық қызметтері авариялық жағдайдың салдарын жою және электр энергиясын беруді қалпына келтіру бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізуде. 14 қараша күні таңертең Привокзальный ықшамауданында электр қуаты қалпына келтірілді", — деді облыс әкімінің баспасөз қызметіндегілер.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.