Алматы полицейлері "Z" әріпін жазып алған көлікке қатысты тексеріс бастады

611

Алматыда полицейлер жеңіл автокөліктің артқы терезесіне "Z" әріпін жазу дерегі бойынша тексеріс бастады, - деп хабарлайды Opennews.kz  ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.


"Қазір аталмыш дерек бойынша тексеріс бастап, көлік иесінің әрекеті Қазақстан Ресбупликасының заңнамасына сәйкестігін анықтаймыз. Сонымен қатар әріптің көліктің терезесіне не себепті жазылғанын да тексереміз", - деді Рустам Абдрахманов. 


Айта кетейік, Украинада арнайы операция өткізіп жатқан Ресей әскери техникаларында да дәл осындай "Z" әріпі жазылған еді.  


Еске салайық, бұған дейін Ақтау қаласындағы арнайы техника мен “танк” тұрғындарды шошытқан еді. Желіде тараған видеоға қатысты пікір білдірген әкімдіктегілер қалада оқу-жаттығу өткенін мәлімдеген.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.