Қызылордада екі ер адам мүгедектігі бар бала мен оның ата-анасын ұрып-соққан
Әлеуметтік желіде ұрып-соғу сәті түсірілген видео жарияланды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі inbusiness.kz саайтына сілтеме жасап.
Оқиға 28 маусымда Қызылорда облысы орталығының сол жағалауындағы көпқабатты үйдің ауласында орын алған.
Кадрда қолында баласы бар ер адамның орындықта отырған жігіттерге жақындап, олардың бірін балағаттай бастағанын көруге болады.
Жасөспірім жайбарақат отырғанда, кенеттен ер адам оның басынан бірнеше рет ұрып, сосын тепкілей бастайды. Әйел телефонмен сөйлесіп, не болып жатқанын бақылап отыр.
Айтуынша, оқиғадан кейін бала ауруханаға жеткізілген. Оның ата-анасы да медициналық көмекке мұқтаж. Аталған факті бойынша тергеу жұмыстары басталды.