Жергілікті тұрғын аурухананың жай-күйін көріп таңқалды
Алматы қаласы Түрксіб ауданында орналасқан №8 аурухананың жай-күйі қала тұрғындарын таңқалдырды, олардың жариялаған видеосында аурухана ғимараты ескіргенін көруге болады,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Baq.kz сайтына сілтеме жасап.
Раушан ханым бүйрегі шаншып, жедел жәрдем шақыртқан. Өзі Алатау ауданында тұрғанымен мамандар оны Түрксіб ауданына қарасты №8 ауруханаға апарған. Алайда Раушан аурухананың жай-күйін көріп, қатты таңғалған. ![]()
Желі қолданушылары ғимараттың өзі ескі болғанымен, ол жерде жұмыс істейтін мамандар білікті екенін атап өткен. Жағдайға қатысты Алматының денсаулық сақтау басқармасына пікір білдіруін сұрап, сауал жолдаған. Басқарма өкілдері биыл жыл басында Алматыда №8 қалалық клиникалық аурухананы ауқымды қайта жаңғырту жоспарланып отырғанын хабарлағандарын атап өтті. Жобаның алғашқы кезеңінде 1972 жылы бой көтерген, бүгінде пайдаланылмай тұрған ғимараттарды қайта жаңғыртып, ересектерге арналған 150 орындық көпбейінді стационар ашу жоспарланған.
Осы кезең аясында қабылдау бөлімінің жаңа ғимаратына қосымша құрылыс жүргізу көзделіп отыр. Нәтижесінде пациенттер диагностика мен ем-дом шараларынан «бір терезе» қағидаты бойынша (Check-up) өте алады. Жобаның екінші кезеңінде қолданыстағы корпусты 150 орындық балалар ауруханасына қайта жаңғырту қарастырылған. Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Биыл маусым айында жобаның мемлекеттік сараптамасының қорытындысы алынады, содан кейін құрылыс-монтаж жұмыстары басталатынын хабарлаған.







