Мектеп оқушылары порнографиялық сайттарға емін-еркін кіріп жүрген
Шығыс Қазақстан облысындағы 56 мектеп оқушылары порнографиялық және букмекерлік сайттарға білім ордасының интернеті арқылы емін-еркін кіріп жүрген, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Өңір прокурорлары жүргізген тексеру нәтижесінде 56 мектептегі 15 мыңнан астам оқушыға тыйым салынған интернет-контенттің қолжетімді болғандығы анықталды.
Нақты айтқанда, Өскеменнің 7 мектебінде сабақ барысында порнографиялық сипаттағы сюжеттер іздестіріліп, қаралған.
Ал Шемонаиха ауданындағы 8 мектепте балалар букмекерлік кеңселердің сайттарына кірген.
Балалардың интернетке қолжетімділігін шектейтін бағдарламалық қамтамасыз етудің жоқтығы салдарынан осындай фактілер Риддер қаласында (15 мектеп), Алтай (6 мектеп) Самар (19 мектеп) және Ұлан аудандарында (1 мектеп) тіркелді.