Үй тапсырмасын орындамаған қызды анасы пышақтап тастады
Солтүстік Қазақстан облысында әйел 11 жастағы қызын пышақтап тастады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Алдын ала болжам бойынша, анасы 11 жастағы қызына пышақты үй тапсырмасын орындамағаны үшін сұғып алған. Бала облыс орталығындағы ауруханаға жатқызылып, кейін облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.
Оның айтуынша, өз анасының қолынан зардап шеккен қыз үйдегі 6 баланың бірі екен. Бәрі бір шаңырақтың астында ата-әжелерімен бірге тұрады.
Қазір мәселенің мән-жайын Бала құқығы жөніндегі уәкіл өзінің жеке бақылауына алған.
Қаз
Рус






