18 жастағы ақыл-ой кемістігі бар қызды зорлап, ішегін тілгілеп тастаған

2 370

Сурет: видеодан алынған кадрАлматыда 18 жастағы ауыр деңгейдегі ақыл-ой кемістігі бар қыздың ішегін жасырын тігіп, оны зорлау фактісін жасыруға тырысқан, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Оқиға бір жыл бұрын әлеуметтік көмек орталығында болған. Алайда болған жағдай тек мекеменің бірқатар қызметкерлері жұмыстан босатылған соң белгілі болды. Олар әлеуметтік қорғау басқармасына шағым жолдап, болған жайтты баяндаған.

Жәбірленуші алған жарақаттың ауырлығы соншалық, оған хирургиялық ота жасауға тура келген – ішек төрт жерінен тігілген. Операцияны интернатта жұмыс істейтін медбике таныс хирургын шақырып жасатқан. Бұл арада жарақаттар мен ота жайлы ақпарат еш жерге тіркелмеген. Алдын ала деректер бойынша, интернат қызметкерлері қылмысты жасыруға тырысқан: құқық қорғау органдарына хабар берілмеген, оқиға болған уақыттағы бейнебақылау жазбалары өшірілген.

Қазір тергеу аясында екі күдікті қарастырылуда – интернаттың басқа бір тәрбиеленушісі және ер адам-санитар. 

Сондай-ақ, тиісті рәсімсіз ота жасаған хирургтың іс-әрекетінің заңдылығы тексеріліп жатыр. Оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің «Зорлау» бабы бойынша іс қозғалды. Жағдайдың толық мән-жайы анықталуда.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.