Әкімдік қызметкерлері тәркіленген мүліктерді заңсыз шығарып алған

1 555

Фото: 2GisТараз қаласы әкімдігі қаржы бөлімінің лауазымды тұлғалары жалған құжат жасап, мемлекетке 100 млн теңгеден астам залал келтірді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қаржы мониторингі агенттігі Жамбыл облысының прокуратурасымен бірлесіп, Тараз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімінің лауазымды тұлғаларына қатысты бірқатар заң бұзушылықтар бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.


Әкімдіктің қызметкерлері мемлекет кірісіне түскен тауарлардың есепке алынбауын пайдалана отырып, ресми құжаттарды қолдан жасап, коммерциялық жылжымайтын мүлік пен тауарларды мемлекет балансынан заңсыз шығарып алған. Ал негізінде олар сот үкімдері бойынша тәркіленген.


“Салдарынан мемлекетке 100 миллион теңгеден астам залал келді.Қазіргі уақытта тергеу-жедел іс-шаралар, тиісті сараптамалар жүргізіліп жатыр, олардың нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімдері қабылданады”, – деп мәлімдеді қаржы мониторингі агенттігі.


ҚМА өзге ақпаратты жариялаудан бас тартты.