Сотталғандар жаңа жыл қарсаңында балаларына сыйлық жасады

392
Қызылорда қаласындағы  қауіпсіздігі аралас  ЗК-169/5 мекемесінде жазасын өтеуші азаматтар  балаларына жаңа жылдық сыйлық дайындады,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
 

Жазасын өтеуші азаматтар алдағы мереке қарсаңында  отбасыларына өз қолдарымен жасаған туындыларын тарту етпек. Атап айтқанда,  Ғ.О есімді азамат қызына өз қолымен жасаған ас үй жабдығын сыйламақшы. Осы орайда, 

«Қыз балаға қандай сыйлық ұсынсаңда балаша қуанатын нәзік жаратылыс иесі ғой. Сондықтан менде қызыма осы бұйымды арнайы жасадым. Оның қуанышы мендегі қиындықты жеңілдетеді»,-дейді Ғ.О.

Сонымен қатар,   сотталушы С.Қ  оқушы  ұлына арнайылап домбыра жасаған. Өз қолымен жасалған ұлттық аспапты  ұсынбақшы.

« Ұлым домбыра үйірмесіне қатысатын. Кішкене күнінен ұлттық аспапқа ерекше қызығатын болған соң жаңа жылына соны сыйға тартқым келді. Бұл жер маған жақыныңды бағалауға үйретіп жатыр.  Бала қуанса ата-ананың жігері тасиды. Сол үшін бала көңілі ортаймаса екен,-дейді С.Қ.

Уақытты босқа өткізбей қолөнермен айналысып жатқан сотталған азаматтардың біршамасы отбасыларына мерекелік тартуын жөнелтіп те үлгерді.

Дана Достанова 
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД