Депутаттар ең төменгі жалақыны 200 мың теңгеге дейін көтеруді ұсынды

1 539

Елімізде миллионға жуық қазақстандық жоқшылықта өмір сүріп жатыр,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 

Азық-түлік бағасы күннен-күнге қымбаттап жатыр, ал елімізде белгіленген ең төменгі жалақы мөлшері тым аз. Шенеуніктер оны 200 мың теңгеге дейін көтеру керек.

Парламент мәжілісінің ЖСДП фракциясының депутаты Асхат Рахымжанов ең төменгі жалақыны 200-210 мың теңгеге дейін арттыруды ұсынды. 

2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасын талқылау барысында Асхат Рахымжанов ЖСДП фракциясы 2024 жылға арналған ең төменгі жалақы мен ең төменгі күнкөріс деңгейімен келіспейтінін айтты.

"ЖСДП партиясы ай сайын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізеді. Біздің есептеуіміз бойынша, орта жағдайы бар қазақстандық барлық табысының 55 пайызын азық-түлікке жұмсайды. Қазақстанда ең төменгі жалақы шамамен 200-210 мың теңге болуы керек", – деді Асхат Рахымжанов.


Парламент Мәжілісінің Төрағасы Ерлан Қошанов та Перзидент Жолдауындағы жаңа экономикалық саясатты еске салды.

“Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында жаңа экономикалық саясатты жариялады. Оның түпкі мақсаты – халықтың әл-ауқатын жақсарту. Осыған байланысты республикалық бюджет, ең алдымен, Елбасы алға қойған міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған. Ең бастысы, бұл құжатта әлеуметтік міндеттемелерді орындауға, ел өмірін жақсартуға барлық мүмкіндіктер қарастырылған”, – деді Ерлан Қошанов.


Бұған дейін қазақстандық шенеуніктердің орташа жалақысы белгілі болды.