Әкімдік фотоальбом шығаруға 18,6 млн теңге жұмсаған

1 131

Фото: pixabay.comӨскемен қаласы әкімдігі қала туралы фотоальбом шығаруға 18,6 миллион теңге қаржы жұмсады деген ақпарат тарады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Мәлімет бойынша, қыркүйек айында әкімдіктің ішкі саясат бөлімі «Сүйікті қалам – Өскемен» фотоальбомын шығаруға келісім-шартқа отырған. Фотоальбомның жалпы төлемақысы 18,6 миллион теңге болған. 


«Альбомдар жыл соңына дейін басып шығарылуы керек. Олар екі түрлі болады: стандартты және «сыйлық қаптамасында». Стандартты альбомдар 950 данамен шығарылады (200-250 бет, қатты ламинатталған мұқаба). «Сыйлық қаптамасындағы» альбомдардың таралымы небәрі 50 дана Барлығы қазақ және орыс тілдерінде жасалуы керек” делінген хабарламада. 



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.