Атырауда мектеп директоры үш жылда 6 миллион теңгеден аса ақша жымқырған

378
Атырауда үш жылда 6 миллион теңгеден астам ақша жымқырды деп айыпталған мектеп директоры сотталды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Іс материалдарына сәйкес, білім мекемесінің басшысы ресми құжаттарға жалған мәлімет енгізіп, бюджет қаражатын негізсіз жұмсауға жол берген. Салдарынан азаматтар құқығы бұзылған.

Куәлар мен жәбірленушілер айғағын тыңдап, сараптама және тексеру материалдары қорытындысын зерделеген сот экс-директорға 3,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған. Сонымен қатар, ол мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істеу құқығынан айырылды. Сотталушы шығынды толығымен өтеп үлгерген.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.