Қызылордада ауызсу мәселесі толастар емес
650
Ауызсу мәселесі қаламыздың өзекті мәселесіне айналған. Арайлық тұрғындар таза ауызсудың берілмеуіне шағым білдіруде, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Біздің ақпараттық агенттікке таза ауызсудың орнына түсі өзгерген сарғайған су беріліп жатыр деген тұрғындар тарапынан шағым түскен болатын. Өткен аптаның аяғынан бері түрлі мөлтек аудандарының тұрғындары ауыз судың сапасы едәуір нашарлап кеткен деп дабыл қағуда.
Қызылорда қаласының іргесінде орналасқан Арай 3 мөлтек ауданындағы көпқабатты үйдің тұрғындары бірнеше аптадан бері таза ауызсуға жарымай отыр. Оған себеп, күнделікті өмірде пайдаланатын таза ауызсудың орнына құбырдан беріліп отырған лай су.
Адамдар су сапасына шағымдана бастады тығыздығы – майлы, түсі - өткен аптаның аяғында қоңыр түсті болған, содан кейін сарғылт реңге ие болған. Бұл тақырып әлеуметтік желілерде қызу талқылануда.
Алайда, Арай тұрғындарының басым көпшілігі таза ауызсуды тұтына алмай отырғандығына екі аптаға жуықтаған. Тұрғындардың айтуынша, бүгінде таза ауыз суды дүкен сөрелеріннен ғана бөтелкелеп сатып алуға мәжбүр.
Расында, қымбатшылық қысқан заманда сапалы ауызсуды сатып алып отырудың өзі қиындық тудыратындығы жасырын емес.
Ал, «Қызылорда Су жүйесі» мекемесі атлмыш мәселе бойынша:
Ал әлеуметтік желіде тоқтаусыз жазылған арыздардан кейін тұтынушылар құқын қорғау басқармасының қызметкерлері судан сынама алып кеткен екен.
Бүгін мамандар ағын судың арамдығы жоқ, ішуге жарамды деген қорытынды шығарыпты.

«Мен Арай 3 мөлтек ауданынының тұрғынымын. 3 күн болды ағып тұрған суымыз лай. Бұл суды ішу түгілі, жуыну мүмкін емес. Күнделікті күнде 1400-1600 тг дүкеннен таза ауыз суды сатып аламыз. Бір сөзбен айтқанда күнделікті тапқан табысымыздың тең жартысы. Тез арада жауапты мамандар осы мәселені шешіп берсе екен», - дейді Қуан Желдербаева
«2 аптадан бері үйімізде таза ауыз су жоқ. Сұмдық, мынау краннан ағып тұрған ішетін сумыз. Су дейін десең суғада ұқсамайды. Иісі сасық. Тіпті, лай сумен киімдерімізді де жуудан қалдық. Тиісті мамандар келіп қарап, тексерсін. Қашанға сасық сумен күнелтіп отыра береміз», - дейді Жанат Нұрымбет
Расында, қымбатшылық қысқан заманда сапалы ауызсуды сатып алып отырудың өзі қиындық тудыратындығы жасырын емес.
Ал, «Қызылорда Су жүйесі» мекемесі атлмыш мәселе бойынша:
"Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы №209 бұйрығымен бекітілген Санитарлық Ережелер мен Нормаларына сәйкес мекеме теңгеріміндегі ауыз су жүйелерімен су алу құрылымдарының таза су жинау резервуарларына жылына екі рет (көктем және күзде) жоспарлы жуу-шаю және залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі.
Осыған орай, 2022 жылдың 29 қыркүйек күні сағат 21.00-ден бастап 30 қыркүйек күнгі сағат 06.00-ге дейін қала бойынша орталық ауыз су жүйелеріне жоспарлы жуу, шаю және залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді және бұл жайында хабарландыру жарияланды.
Жуу, шаю және залалсыздандыру жұмыстарынан кейін ағымдағы жылдың 1 және 2 қазан күндері кәсіпорынның апаттық-диспетчерлік қызмет бөлімінің байланыс номерлері және әлеуметтік желі арқылы Арай тұрғын ауданы Арай-2, Арай-3 мөтек аудан тұрғындарынан ауыз су сапасына қатысты шағым келіп түсті.
Келіп түскен мәлімет бойынша мекеменің мамандарымен жедел тексеру, зерделеу жұмыстары жүргізіліп, судың түсі өзгерген мекен-жайларда орналасқан ауыз су жүйесін тазарту жұмыстары атқарылып, судың түсі қайта қалпына келтірілді.",- дейді хабарламада