Салық қызметкері қазақстандықтардың атынан несие рәсімдеп, ақша жымқырған

1 560

NoneҚосшыда салық қызметкері интернет алаяқтықпен ұсталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Облыстық прокуратураның хабарлауынша, салық қызметкері декларация тапсырамын деген желеумен қарапайым азаматтарды кездесуге шақырған. Сол сәтте олардың жеке деректері мен биометриялық деректерін телефон камерасына (тұлғаны сәйкестендіру) түсіріп, олардың атынан онлайн шағын несие рәсімдеп, ақшаны өз шотына аударған.


Прокуратура салық органының қызметкері жасаған бес интернет алаяқтық фактісін ашты. Алаяққа қатысты қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Облыс прокуратурасы азаматтарды барлық ақпаратты мұқият тексеріп, бейтаныс адамдардың онлайн режимінде түрлі қаржы операциясын жүзеге асыру туралы ұсыныстарына сыни көзқараспен қарауға шақырады.