Конституциясының 30 жылдығы қарсаңында рақымшылық жасалған алғашқы қазақстандық бостандыққа шықты
Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай рақымшылық жасау туралы заңы аясында алғашқы сотталушы бостандыққа шықты. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті хабарлады,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Комитеттен түсіндіргендей, рақымшылық – жай ғана кешірім актісі емес, әрбір азаматтың түзеліп, ел дамуына өз үлесін қосуға мүмкіндігі бар болашаққа салынған инвестиция.
- Рақымшылық аясында босатылған адамдарға жаңа өмір жағдайына бейімделу үшін қажетті қолдау көрсетіліп жатыр. Олар жұмысқа орналасуға, әлеуметтік байланысты қалпына келтіруге және қажетті құжатты алуға көмек алады. Маман-психологтар психологиялық көмек көрсетіп, жаңа дағдыны меңгеруге және қоғамға тез сіңіп кетуіне жәрдемдесіп жатыр. Қоғам мұндай адамдарға түсіністікпен қарап, оларға қалыпты өмірге оралуға және қоғамға пайдалы мүше болуға мүмкіндік беруі маңызды. Тек бірлескен күш-жігер арқылы біз олардың қайта әлеуметтенуіне және құқық бұзушылықтың алдын алуға қолайлы орта жасай аламыз. Рақымшылық – бұл ақылмен және жауапкершілікпен пайдалануға тиіс мүмкіндік.
Айта кетсек, 2025 жылғы 23 маусымда Президент рақымшылық туралы заңға қол қойды.







