Балабақша меңгерушілері «Балапан» бағдарламасына бөлінген 45 млн теңгені жымқырған

402
Шымкентте бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен балабақша меңгерушілеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Балабақша басшылары 2019-2021 жылдар аралығында балалардың қатысу есебіне жалған мәліметтер енгізіп, мектепке дейінгі білім беруді жан басына шаққандағы қаржыландырудың «Балапан» бағдарламасы бойынша қарастырылған жалпы сомасы 45,7 млн теңге бюджет қаражатын заңсыз жымқырған деген күдікке ілінді»,- делінген хабарламада.

Қазір бұл іс бойынша тергеу жүріп жатыр. ҚР Қылмыстық-процесстік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.