Жеңілдетілген автонесие беру бағдарламасы қайта іске қосылмақ

264
Ағымдағы айдың соңына дейін жеңілдетілген автонесие бағдарламасы қайта іске қосылатыны белгілі болды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 



Оның айтуынша, өткен жылы наурызда автонесие сомасы 10 миллион теңгеге дейін деп белгіленді.

Ал автокөлік құны 15 миллион теңгеден аспауы керек. Халыққа қолжетімді болу үшін бағдарламада қымбат көліктер қарастырылмаған. Автонесие бағдарламасын айдың соңына дейін бастаймыз. Осы аптада өнеркәсіпті дамыту қоры баспасөз мәслихатын өткізеді, сонда толық ақпарат беріледі. Бұл жерде бағдарламаның механизмін қайта қарау мәселесі тұр. Бұған дейін клиенттер алдымен автосалонға, содан соң банкке баратын. Өнеркәсіпті дамыту қоры басқа тетікті ұсынып отыр, – деді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев.

Ведомство басшысының айтуынша, қайта іске қосылатын бағдарламадағы жаңашылдықтың бірі электронды кезек болады.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.