Қазақстанда баспана бағасы қымбаттай ма?

338
Жақында Қазақстан құрылысшылары одағының президенті Талғат Ерғалиев келесі жылы көктемде баспана бағасы күрт көтерілетінін мәлімдеді. Оның айтуынша, қазіргі кезде құрылыс жұмыстары 35-40 процентке, ал құрылыс материалдарының бағасы 60-90 проценке өсіп кеткен. Баспананың бір шаршы метрі болса, 15 процентке ғана көтеріліп отыр - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
"Демек, ертең баға тағы өседі. Коммерциялық баспана салатын құрылысшылар бағаны бірден көтере алмайды. Оны біртіндеп өсіреді. Сөйтіп, 2022 жылдың көктеміне қарай баға 20-30 процентке артады деп отырамыз", – дейді Ерғалиев.

Сарапшы халық табысының төмендеп кеткеніне баса назар аударды. Осының салдарынан сан алуан бағдарлам аясында үйді ипотекаға алған адамдар ай сайынғы төлемді жасай алмай, ақша жағынан қиналып қалуы мүмкін.
 
"Ал кредитті жабуға жағдай болмаса, үйді сатуға тура келеді. Сөйтіп, бір-екі жыл бұрын сатып алынған үйлердің біразы сатуға шығарылуы мүмкін. Бұның бәрі жылжымайтын мүлік нарығына да әсер етеді, баспана бағасы төмендейді", – деп атап өтті Мүсірепов.