Шиелі аймақтағы кәсіпкерлігі дамыған аудан

1 563

Шиелі ауданы аймағымызда кәсіпкерлігі дамыған алғашқы аудандардың қатарында,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Себебі, аудан кәсіпкерлерінің белсенділігі жоғары, қай істе болсын өздерінің іскерлігін көрсетіп келеді.


Соның дәлелі болса керек, өткен жылдың басынан бері ауданда сауда-саттық, туризм және өнеркәсіп салалары бойыншаьмемлекеттік бағдарламалар (гранд, кредит)аясында 5 млрд 264 млн теңгені құрайтын 452 жобаға шағын несие және грант қаражатын алып, 920 жұмыс орыны ашылса, құны 4,3 млрд теңгені құрайтын  52 жобаның құрылыс жұмыстары аяқталып, 214 жаңа жұмыс орыны құрылды. Барлығы кәсіркерлік саласында жыл көлемінде 


1 134 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Ал, биылғы жылы тағы  60–қа жуық нысан өз жұмысын бастайды деп жоспарланып отыр.


Өткен жылы өнеркәсіп өнімдерін өндіру 75 млрд 200 млн теңгені құрап, 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 

129,7 пайызға, (2022 жылдың 12 айында 69,3 млрд теңге) оның ішінде, өңдеу өнеркәсібінде 35 млрд теңгенің өнімдері өндіріліп,171,3 пайызға орындалды. (2022 жылдың 12 айында 33,7 млрд теңге)


2023 жылы негізгі капиталға салынған инвестицияның көлемі 47 млрд 912 млнтеңгені (облыс әкімдігімен бекітілген меже 38,2 млрд теңге, 9,7 млрд.-қа артығымен орындалды, 125%). құрап, тиісті кезеңмен салыстырғанда 127,5 %-ға артты (2022 жылы тартылған инвестиция көлемі-36,1 млрд.тг)


Жалпы ұлттық жобалар аясында 2024-2028 жылдары ауданда құны 77 млрд теңгені құрайтын 9 инвестициялық жобаныжүзеге асыру жоспарлануда. Жобалар толық іске қосылғанда 920 адам жұмыспен қамтылатын болады.


Бөлшек сауда көлемі 14 млрд 220 млн теңге болып, 

2022 жылдың (13,118 млрд. теңге) тиісті кезеңімен салыстырғанда 

108,4 пайызды құрады.


Құрылыс жұмыстарының көлемі 18 млрд 500 млн теңгеге орындалып, 228,9пайызға артты.(2022 жылдың 12 айында 8,3 млрд теңге)


Жеке тұрғын үй құрылысының жалпы ауданы 68 572 шаршы метрді құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 

112,5 пайызға жетті.(2022 жылдың 12 айында 60945 шм)


2023 жылы ауылшаруашылығы саласында 49 млрд 204 млн теңгенің өнімі өндіріліп, тиісті кезеңмен салыстырғанда 


106,7 пайызды құрады. (2022 жылдың 12 айында 39 млрд 569 млн теңге)


Оның ішінде егін шаруашылығы 34 млрд 986 млн тенгенің өнімін өндіріп, 108,7%-ға, мал шаруашылығында 13 млрд 806 млн тенгенің өнімі өндіріліп, 102,0%-ға артты.


Мал шаруашылығына келсек, ауданда төрт түліктің барлық түрінде өсім бар. (2023 жылы ірі қара 93 336, уақ мал 135 061, жылқы 24 247, түйе 

1 645, құс 30 079 басты құрап, тиісті кезеңмен салыстырғанда ірі-қара 117,5, уақ мал 116,1, түйе 107,9, пайызға артты.


2023 жылы 5 569 тонна ет, 21 758 тонна сүт,  2 728 мың дана жұмыртқа өндіріліп, тиісті кезеңмен салыстырғанда ет 102,3 пайызға, сүт 102,5 пайызға артты.)


Өткен жылы барлығы 30 792 гектар жерге егiс егіліп, негізгі дақыл күріштің көлемі 13 176 гектарды құрады.


Егіс көлемі соңғы жылдары 3000 гектарға ұлғайса, ағымдағы жылы ауданымызда 1000 гектар жерге жүгері өнімін егу жоспарлануда.


Аудандағы Жалғызағаш өңіріне «Таң ЛТД» ЖШС-гі Қытай компаниясымен бірлесіп, тамшылатып суару арқылы жүгері егуді қолға алып отыр.


Осы тұста, егістік алқаптарының бірде-бір гектары сусыз қалмасын деп, күні-түні судың сағасын күзеткен су шаруашылығы мамандарының еңбегі де ерекше.


Себебі, күрішті суға бастыратын жауапты сәтте су мамандарының көмегімен шаруашылықтарға 59 дана су насостары қойылып, қашыртқы суларын қайта пайдаланып, сын сағатынан абыроймен шығуға үлкен мүмкіндіктер қарастырылды.


Ұйымдасқан істердің арқасында аудан диқандары егілген егінді күздің жауын-шашынды маусымына қалдырмай, әр гектарынан

56 центнерден өнім алып, жалпы көлемі 73 786 тонна «Сыр маржанын» жинап алды. Елдің ырысы артып, қырманы  дәнге толды.


Әртараптандыру бағытындағы шаруалар да назардан тыс қалмай, 5500 гектар жерге көкөніс, бақша, картоп өнімдері егіліп, 183 000 тонна өнім алынды.


Әсіресе, аймақ басшысының арнайы тапсырмасымен жергілікті тұрғындарды өзін-өзі әлеуметтік маңызы бар азық-түліктер, оның ішінде көкөніс, бақша өнімдерімен қамтамасыз етуін ұйымдастыру үшін көктем айларында 1520 гектаржер толықтай дайын күйінде үлестіріліп, тұрғындар өз еңбегімен мол өнімге қол жеткізді. Ағымдағы жылы да аудан тұрғындарына көкөніс бақша дақылдарын егуге 1700 гектар жер дайындалмақ.


«Ауыл Аманаты» жобасы аясында 2023 жылдың қорытындысымен жобалық құны 548 млн 135 мың теңгені құрайтын 75 жобамемлекет тарапынан қолдау тапты. Осы жоба аясында Бәйтерек ауылдық округіндегі «Қызанақ пастасын өндіру цехы» ашылып, ауыл азаматтарын жұмыспен қамти отырып, қайта өңдеуді қолға ала бастады. Алдағы уақытта да осындай жобалар санын көбейте отырып жаңа жұмыс орындарын құрып, жұмыссыздық деңгейін төмендету межеде.


Ауданның ауыл шаруашылығы құрылымдары тарапынан 2021-2023 жылдары 59 дана жаңадан техникалар алынып, жалпы құны 3 млрд 451 млн теңге инвестиция тартылды. (Оның ішінде 2023 жылы ауданға ауыл шаруашылығы құрылымдары жаңадан 1 млрд 574 млн теңгеге инвестиция тартып, 6 комбайн, 4 жүк тиегіш және 14 трактор алынды).


Кейінгі 3 жыл көлемінде отандық және шетелдік техникалармен ауданның техника паркі 63 пайызға жаңарды.


Азық-түлік бағасын тұрақтандыруды қамтамасыз ету үшін ауданымызда кемінде екі өнім сақтайтын қойма салу көзделуде. Қазірдің өзінде Шиелі кентінде жобалық құны 170 млн теңге болатын сыйымдылығы 700 тонна көкөніс сақтау қоймасының құрылысы басталып, мұздатқыштарды орнату жұмыстары жүргізілді.