Рұқсат қағазы жоқ тұрғын үй кешені бой көтеруде
Павлодар қаласында рұқсат беру құжатынсыз 15 қабатты тұрғын үй кешені салынып жатыр. Қала орталығында бетон қадалар орналастырылуда, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі “Хабар 24” арнасына сілтеме жасап.
Қала тұрғындары бір аптаға созылған құрылыс-жөндеу жұмыстарының шуына наразы. Олардың мәлімдеуінше, құрылыс демалыс күндері де үздіксіз жалғасады. Тіпті көрші үйлерге әсер етіп, кей қабырғалардың жарылғаны, кірпіштердің құлап бастағаны байқалған.
Құрылыс Исеналиев көшесінің жарты бөлігін жауып тастады. Соның кесірінен көлік жүргізушілері көшені айналып келуге мәжбүр.
Қала халқы бірлесіп құзырлы органдарға шағым түсірген. Десе де заңсыз құрылыстың тоқтауына күмәнмен қарайды.
Павлодар қала құрылысын бақылау басқармасының бас қызметкері Дархан Омаровтың айтуынша, ТОО “Капитал ПВ”-ға қатысты жоспардан тыс тексеру басқармасына хабарлама жеткізілді.
Ал жоспарлау тобының жетекшісі Наталья Сурина мұны құрылыс-жөндеу жұмыстарына дайындық деп түсіндірді.
Сарапшылардың пікірінше, қадаларды қағу дайындық жұмыстарына қатысты емес. Енді СжҚҚББ тексерісі жоспарлануда.