"Арандатушы". Мұхтар Құл-Мұхаммед ресейлік Тигран Кеосаянды малға теңеді

366

Сенат депутаты Мұхтар Құл-Мұхаммед ресейлік тележүргізуші, белгілі режиссер Тигран Кеосаян Қазақстанға қатысты айтқанына жауап қайтарды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, мұндай арандатушы адамдардың мәлімдемелеріне мән бермеу керек.

Оны елге кіргізбеу керек деген дұрыс шешім. Ол саясаткер болса, оған жауап басқаша болушы еді. Әйтпесе ол қатардағы "арандатушы-ешкі-журналист". Міне оған жауап осындай болуы керек,— деді депутат.

Мұхтар Құл-Мұхаммед әскери шеру өткізу мәселесіне де тоқталды.


Әскери шеру өткізу үшін миллиардтаған теңге керек. Пандемиядан кейін ақша жетпей жатқан кезде парадты Кеосаян есебінен өткіземіз бе? Жалпы мұндай парадтар бізде бірнеше рет қана өткізілді, оларды жыл сайын ұйымдастырудың қажеті жоқ,— деп мәлімдеді сенатор.

Оның айтуынша, Зюганов, Никонов және Жириновский сияқты арандатушы адамдардың сөзіне мән бермеу керек.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.