Қазақстандық екі әуекомпанияға айыппұл салынды

1 523

Көрнекі фото:© NUR.KZ/Владимир ТретьяковҚазақстандық Air Astana және FlyArystan әуекомпанияларына айыппұл салынды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі kaz.nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, әуе отынымен қамтамасыз ету мәселелері бойынша жүргізілген жұмыс аясында Көлік министрлігі Air Astana АҚ және FlyArystan АҚ тарапынан авиациялық отын көлеміне қатысты бұрмаланған мәліметтер ұсыну фактілерін анықтаған. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі талаптарына сәйкес, аталған әуе компанияларға қатысты әкімшілік сипаттағы шаралар қолданылды. Нәтижесінде олардың әрқайсысына 100 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл салынған. Ведомство өкілдерінің айтуынша, мұндай бақылау шаралары әуе отыны нарығындағы ашықтықты қамтамасыз ету және заң бұзушылықтардың алдын алу мақсатында тұрақты түрде жүргізіледі.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.