Қызылорда облысында көлікті мас айдаған 600 адам ұсталған

1 519

Фото: Zakon.kzҚызылорда облысында жыл басынан бері мас күйінде автокөлік жүргізген 600-ден аса жүргізуші ұсталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Елімізде алкогольді ішімдік ішіп, көлік тізгініне отыратындарға жаза күшейсе де өрескел заң бұзушылыққа баратындар азаяр емес.  

Жол-патрульдік полициясы заңға бағынбай, ащы судың буымен қоғамға қауіп туғызған жүргізушілерді ұстау барысында түсірілген бейнежазбаларды жариялады. Алғаш рет ішімдік ішіп ұсталған темір тұлпар иелері заңға сәйкес 7 жылға көлік басқару құқығынан айрылып, 15 тәулікке қамауға алынды. Ал осы әрекетін екінші мәрте қайталағандарға қылмыстық іс қозғалған.

Сәбит Сатқанбай, Қызылорда облыстық полиция Департаменті ӘІІБ бөлім бастығы:
Көлік құралын алкогольді масаң күйде тізгіндеген 600-ден астам жүргізуші ұсталды. Сонымен қатар ҚР Қылмыстық Кодексінің 346-бабына сәйкес алкагольдік масаң күйде көлік құралын қайталап басқарған 33 тұлға анықталған.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.